Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады

2020 жылдың 25 қараша 2020 12:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады. Бұл жоба 5 мың адамды қамтитын болады. Бизнес саласындағы келешегі зор жобаларды жүзеге асыру үшін жас кәсіпкерлерге жыл сайын 10 мың грант ұсынылады. Жұмыс істеп жүрген жастарға 3 мың жалдамалы пәтер беріледі», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мемлекет жастар ұйымдары мен еріктілер қозғалысының жобасын қаржыландыру көлемін 1,5 есеге арттыруға дайын екендігін баса айтты.

«Осындай қолдау шаралары оқымайтын және жұмыс істемейтін жастардың санын 2025 жылға қарай 100 мың адамға азайтуға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай