Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін қызметтер электрондық форматқа көшіріледі

2020 жылдың 25 маусым 2020 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін барлық қызметтер электрондық форматқа көшіріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында Біржан Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрландыру деңгейі бойынша жетекші мемлекеттік органдардың бірі болып табылатынын атап өтті. Тек 2019 жылдың өзінде ғана әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру 2,2 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Мәселен, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында «Электрондық еңбек биржасы» және «Электрондық еңбек шарттары» жобалары іске асырылуда. Бүгінгі таңда «Электрондық еңбек биржасы» 214 мың жұмыс берушіні, миллиондай жұмыс іздеушіні, Coursera онлайн білім беру платформасы арқылы 1,5 мың сағатқа жуық тегін сабақты қамтиды.

«Электрондық еңбек биржасы» арқасында 1,2 млн-нан астам адам жұмыс таба алды. Олардың ішінде 868 мың адам тұрақты жұмыс орындарына, 341 мыңы уақытша жұмысқа орналастырылды», – деді министр.

Ал «Электрондық еңбек шарттары» жобасына 35 мың ұйым қосылған. Қазіргі уақытта 1,4 млн электрондық шарт тіркелді. Бұл жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға ықпал ететін болады.

«2019 жылдың басында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлігінде электрондық қызметтердің үлесі 42 пайызды құрап еді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол 83 пайызға артты. Мұндай өсімге Еgоv порталындағы 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметті орналастыру және 10 қызметті белсенді форматқа ауыстыру арқылы қол жеткізілді. 2020 жылдың соңына дейін біз электрондық қызметтердің үлесін 100 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.


Жоғары қарай