Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемнің ең кәрі тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 16:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда ұзақ өмір жасап, ғаламшардың ең кәрі адамы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген қарт әйел Канэ Танака отандасының жас бойынша орнатқан әлемдік рекордтты жаңартты. Кейуананың жасы 117 жыл, 260 күн, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ға сілтеме жасап.

Канэ Танака 1903 жылдың 2 қаңтарында дүниеге келген. 103 жасында оған тоқ ішек обыры диагнозы қойылды, алайда әйелге ота жасалған соң, ол бұл ауыр дерттен айығып шықты. Өзінің пікірінше, ұзақ жасауының құпиясы – тату отбасы, жақсы ұйқы және дұрыс тамақтану.


Басты сөздер: Қоғам, Әлем,
Жоғары қарай