Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемдік және қазақстандық киножұлдыздар Ташкент халықаралық кинофестивалінің ашылуына қатысты

2021 жылдың 29 қыркүйек 2021 00:45

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Әлемдік және қазақстандық кино жұлдыздары Ташкент «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан бір апта бойы кинотуынды түсіретіндердің, оны көпшілікке ұсынып, насихаттайтындардың, сондай-ақ жай ғана қарапайым киносүйер көрермен қауымның назарын өзіне аударатын орталыққа айналады.

Бүгін жаңартылған Әлішер Науаи атындағы кино сарайында XIII Халықаралық кинофестивальдің ашылу салтанаты өтті. Шараға әлемнің және қазақстандық киноиндустрияның танымал өкілдері: 37 елден 400-ге жуық шетелдік кинематографистер мен әйгілі киножұлдыздар қатысты.




Стивен Сигал, Митхун Чакраборти, Никита Михалков, Франко Неро, Тимур Бекмамбетов сияқты әлемдік киноның ұлы тұлғалары ауқымды кинофорумның құрметті қонағы болды.

Қызыл кілеммен Нұржұман Ықтымбаев, Жаннат Қуанышева, Берік Айтжанов, Аружан Жазылбекова, Нұртас Адамбай, Самал Еслямова және басқа да қазақстандық кино жұлдыздары жүріп өтті.




Еске сала кетейік, Ташкент халықаралық кинофестивалі Азия, Африка және Латын Америкасы елдері халықаралық кинофестивалі атымен де белгілі болып, 1968-1997 жылдардың аралығында дәстүрлі түрде Өзбекстан астанасында өткізілген.

«Жібек жолының інжу-маржаны» кинофестивалі Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен 2021 жылы қайта жаңғырып, жыл сайын өткізілетін болады. Кинофестивальдің ұйымдастырушысы – Өзбекстан кинематография агенттігі.





























Жоғары қарай