Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемдегі ең қымбат футболшы командасын ауыстырмақ

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат. – Францияның ПСЖ футбол клубы 21 жастағы шабуылшы Килиан Мбаппені сатуға дайын соманы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «The Sun» сайтына сілтеме жасап.

Мбаппе ПСЖ-да 2017 жылдан бастап ойнайды және содан бері командада 124 матч өткізіп, 90 гол соққан. Париж құрамасы сапында үш рет Франция чемпионатын жеңіп алып, ел кубогі мен Лига кубогінің иегері атанды.

Жыл басында «CIES Football Observatory» зерттеу орталығы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды. Ол кезде бірінші орын Мбаппеге тиесілі болды, оның құны 265,2 миллион еуроға бағаланды.

Басылымның мәліметінше, шабуылшы команданы өзгерткісі келеді және түрлі ұсыныстарды қарастыруға дайын. Сондықтан ПСЖ оны 325 миллион еуроға бағалады. Бұл сома – футбол тарихындағы рекордтық сома. Көптеген клубтар 21 жастағы Килиан Мбаппенің құны асыра бағаланды деп санайды.

«Реал Мадрид» үздік ойыншыны алуға дайын екенін білдірді. Атақты клубтың басшылығы әлем чемпионы үшін тек 100 миллион еуро ұсынып отыр.

Әзірге келіссөздер жүріп жатыр, егер мәміле жасалса, онда 325 миллион еуро тарихтағы ең қымбат аударым болмақ.


Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Жоғары қарай