Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемдегі ең қарт адам өмірден озды

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 21:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эритреяда ғаламшардағы ең қарт адам қайтыс болды. 27 қыркүйекте Азеф ауылында Натабай Тинсиеу 127 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Немересі Daily Mail-ге айтқандай, шын мәнінде оның атасы тіпті 127 емес, 137 жаста екен, бірақ діни қызметкер шалғайдағы ауылға жете алмай, он жыл бойы туу фактісін тіркей алмаған. Алайда, шіркеу-приход кітабында Тинсиеудің туған жылы 1894 жыл деп жазылған.




Немересі әкесінің өмір сүру ұзақтығы туралы ақпаратты рекордтар кітабына жаздыру үшін Гиннесс өкілдерімен байланысқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта өмір сүрген ең қарт ер адам – жапон қариясы Дзироэмон Кимура, ол 2013 жылы 116 жасында (оның жасы нақты анықталған) өмірден озды.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай