Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемде жарты миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмған

2020 жылдың 29 маусым 2020 08:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні дүние жүзінде коронавирус фактілерінің жалпы саны 10 миллионнан асты. Бұл жөнінде Джонс Хопкинс университетінің мәліметінен белгілі болды. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 500 мыңнан асып кетті. Осы уақытта 5 млн астам адам аурудан айыққан.

Статистика бойынша, бірінші орында АҚШ тұр. Онда жалпы 2,5 млн адам коронавирусқа шалдыққан, яғни әлемдегі әрбір төртінші науқас - Америкада. Күн сайын шамамен 40 мың адамға осындай диагноз қойылады.

Одан кейін - 1,3 млн сырқатпен Бразилия, ал үшінші орында - Ресей тұр. Мұнда 600 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Бестіктен Үндістан (500 мың) мен Ұлыбританияны (300 мың) да көруге болады.

АҚШ көз жұмған науқастар саны бойынша да көш бастады. Мұнда 128 мыңнан астам коронавирустан қайтыс болған.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай