Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлемде ковид жұқтырған адамдар саны 317 млн-нан асты

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 17:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні таңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны 317 700 427-ге жетті. Бұл туралы мәліметті әлемдегі ең маңызды оқиғалар туралы статистикалық мәліметтер жинайтын Worldometer порталы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде коронавирус тарала бастағаннан бері бұл қауіпті вирустан 5 531 439 адам қайтыс болды.

20 миллионнан астам тұрғыны індет жұқтырған елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

АҚШ коронавиусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны бойынша көшбасшы болып қала отыр. Мұнда COVID-19 жұқтырған 64 359 409 және осы аурудан көз жұмған 866 891 адам анықталды.

Үндістан вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. Онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 36 317 927-ге жетті, елде вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны 485 035.

COVID-ке шалдыққандар саны бойынша үшінші орында Бразилия тұр, онда 22 718 606 адам вирус жұқтырып, соның ішінде 620 507 адам қайтыс болды.


Жоғары қарай