Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 5,5 миллионға жуықтады

2020 жылдың 25 мамыр 2020 10:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 5,5 миллионға жақындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

25 мамыр сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 5 498 577, қайтыс болды - 346 688 адам, жазылды - 2 302 004 науқас.

Вирус ең көп тараған елдердің арасында АҚШ бірінші қатарда тұр. Онда бүгінге дейін індетке 1 686 436 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 19 608. Екінші орында Бразилия (науқастардың жалпы саны – 363 618, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 16 220), үшінші орында - Ресей (344481 / +8599).

Одан кейін орналасқан елдердің тізімі келесідей:

Испания: 282852 / +482

Ұлыбритания: 259559 / +2405

Италия: 229858 / +531

Франция: 182584 / +115

Германия: 180328 / +342

Түркия: 156827 / +1141

Үндістан: 138536 / +7113

ТМД-да коронавирус індеті ең көп анықталған мемлекет – Беларусь. Мұнда науқастардың жалпы саны – 36 198, бір тәуліктегі өсім – 954 .

Науқастар саны бойынша одан кейін орналасқан елдер:

Украина: 20986 / +406

Қазақстан: 8531 / +209

Молдова: 7093 / +99

Армения: 6661 / +359

Әзербайжан: 4122 / +140

Өзбекстан: 3164 / +49

Тәжікстан: 2929 / +191

Қырғызстан: 1403 / +38

Грузия: 730 / +2


Басты сөздер: Медицина, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай