Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 173 мыңға жетті – ДДҰ

2020 жылдың 17 наурыз 2020 22:43

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде коронавирус инфекциясын 173 мың адам жұқтырғанын, тағы 7 мың адам індеттен жан тапсырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Өткен аптада ДДҰ Еуропаны вирустың «ошағы» деп жариялап, ел үкіметтерін COVID-19-дың таралуын бақылау үшін көбірек шара қабылдауға шақырған еді.

Германияда канцлер Ангела Меркель діни ғұрыптарды өткізуге тыйым салып, азаматтардан ішкі немесе шетелдік сапарларға шықпауын сұрады. Клубтар, барлар, ойын-сауық орындары, хайуанаттар бағы және ойын алаңдары жабылады. Мейрамханалар жұмыс уақытын шектеу үшін кестелер арасындағы қашықтықты сақтауы тиіс. Елдегі мектептердің бәрі қазірдің өзінде жабық тұр.

Қазіргі уақытта Германияда коронавирус инфекциясының 7 мың расталған жағдайы бар. Вирус 14 адамның өмірін қиған. Халықтың бір жерге жиналуына ресми тыйым салынған.

Ал Испания қазіргі уақытта коронавирустан зардап шеккен мемлекеттердің ішінде төртінші орында тұр. Сейсенбі күні ондағы ел билігі коронавирустан қайтыс болғандардың саны 342-ден 491-ге өскенін мәлімдеді. Расталған жағдайлар 9 942-ден 11 178-ге дейін артты. Сенбіде елде карантин ішінара енгізілді.

Вирус шыққан Қытайдан тысқары ең көп зардап шеккен елдердің басында Италия тұр. Дүйсенбіде ол елдің билігі өлім-жітімнің өскенін хабарлады. Қайтыс болғандардың саны 2 мың адамнан асты.

Бельгияда коронавирусты жұқтырғандар саны сейсенбіде бестен 10-ға дейін, яғни екі есе артты.

Сәрсенбіде Швеция барлық жоғары оқу орны мен мектептерді жабады.

Бүгінгі таңда Францияда 6 мыңнан астам жағдай және 148 өлім туралы хабарланған.

Еуропадан тыс ахуал қандай

Сейсенбіде АҚШ-тың Демократиялық сайлау бойынша Огайо штатында, кейін Аризона, Флорида және Иллинойс штаттарында өтуі тиіс дауыс беру кейінге қалдырылды.

Президент Дональд Трамп коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жаздың соңына дейін немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін, ал америкалықтар алдағы 15 күнде 10-нан астам адамнан тұратын топқа жиналмауы керектігін, сондай-ақ барларға, мейрамханаларға, тамақтану алаңдарына және спорт залдарына барудан аулақ болу керектігін мәлімдеді.

Сейсенбі күні Қытай өзге елдерден келген 20 адамнан инфекция анықталғанын хабарлады.

Ал Филиппин өз биржасын белгісіз мерзімге жапқан алғашқы ел болды.

Коронавирустан ең көп зардап шеккен үшінші ел – Иран. Мұнда сот өкілі вирустың таралуына байланысты 85 мыңға жуық тұтқынның, оның ішінде саяси тұтқындар уақытша босатылғанын мәлім етті.

Малайзия сәрсенбіден бастап Сингапурмен шекарадан өтуге тыйым салады.

Үндістандағы Тадж Махал ескерткіш-кешені жабылды.

Австралиялық ғалымдар ағзаның иммундық жүйесі Covid-19 вирусымен қалай күресетіндігін анықтағанын мәлімдеді.

ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус басқа елдерге вируспен күресте Қытай мен Оңтүстік Кореядан үлгі алуға кеңес берді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай