Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 09:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы мәлімет бойынша, әлемдегі коронавирус құрбандарының саны 959 мыңнан, ал вирусты жұқтырғандар 30 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Әлемдегі инфекция жұқтырушылар саны 30 919 638-ға жетті. Көз жұмғандар 959 332-ге дейін өсті. Науқастардың ең көп саны АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелген.

Қауіпті вирус жұқтырғандар АҚШ-та 6 миллионнан, Үндістанда 5 миллионнан, Бразилияда 4 миллионнан асты.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай