Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мың адамға жақындады

2020 жылдың 18 наурыз 2020 21:31

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мың адамға жақындады. АҚШ-та және басқа да елдерде адамдар оқшаулау және карантин жағдайына бейімделіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазіргі уақытта әлем бойынша 198 000 адам ауруға шалдыққан, 8 мыңға жуығы көз жұмды. Құрама Штаттар мен Еуропаның көптеген елдері осы аптада коронавирустың алдын алу шараларын қабылдады. Соның ішінде коменданттық сағат енгізіліп, қозғалысқа шектеу қойылды. Еуропа шекараларды жауып жатыр.

АҚШ-та коронавирустан ажал құшқандар саны сейсенбі күні 100 адамнан асты. Індетті жұқтыру фактілері барлық 50 штатта тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 деп атау берген жаңа коронавирус 150 елде, соның ішінде Қытайда таралды. ДДҰ бұл індетті жаһандық пандемия деп жариялады. Қазіргі уақытта тіркелген індеттің 50% астамы Қытайдан тысқары елдерде анықталған, деп хабарлайды Pharmaceutical Technology.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирусты 80894 адам жұқтырған. Инфекцияға шалдыққандар бойынша екінші орында Италия (31506) тұр. Үшінші орында - Иран, онда науқастар саны 16169 адамға жетті. Испанияда 11826 науқас тіркелді. Алтыншы орында – Оңтүстік Корея (8,413). Францияда 7730 жағдай анықталса, АҚШ-та - 6524. Швейцарияда 2742 адам және Ұлыбританияда 1960 адам вирусқа шалдыққан.

ЮНКТАД болжамды бағалауына сәйкес, коронавирус індетінің салдарынан экономикасы қатты зардап шеккен елдер арасында – Еуропа одағы, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және Вьетнам бар.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай