Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 млн-нан асты

2020 жылдың 14 шілде 2020 07:17

НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат - Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 13 млн-нан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейлік агенттіктің халықаралық ұйымдар мен федералды және жергілікті биліктердің мәліметтері негізінде есеп жүргізетін Джон Хопкинс университетінің мәліметтеріне сүйене отырып келтірген деректеріне қарағанда, әлем бойынша қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 570 776 адамды құрап отыр.

Университет деректері бойынша, коронавирусты 13 006 764 адам жұқтырып, 570 776 адам көз жұмған. Вирусты жұқтырушылардың басым бөлігі АҚШ-тың (3 346 246) үлесінде. Одан кейін Бразилия (1 864 681) мен Үндістан (878 254) тұр.

Ресей болса, тіркелген жағдайлар бойынша төртінші орынға табан тіреген. Коронавируспен күрес жөніндегі Федералды жедел штаб мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясында вирус жұқтырғандар саны 733 699 адамды құраған, олардың 504 021-і емделіп шыққан. 11 439 адам қайтыс болған.


Жоғары қарай