Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Әлем эпидемиологтары коронавирусты тоқтатудың жолын айтты

2020 жылдың 16 наурыз 2020 22:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Коронаиврус жұқтырған әр адам орташа есеппен кем дегенде бір адамға вирус жұқтыратын болса, індеттің таралуы азаятын болады», деп жазады Le Figaro.

«Францияда коронавирус 2500 адамнан анықталды. 48 адам қаза тапты. Қазіргі жылдамдық сақталатын болса, Францияда жалпы 10 млн адам вирус жұқтыруы мүмкін. Ал бұл жағдайда қаза табатындардың саны кем дегенде елу мыңға жетеді», - деп жазады автор.

Эпидемиологтар бұл сценарийді болдырмаудың жолы бар екенін айтты.

«Вирустың таралуын шектеу үшін тиімді шаралар қабылдау қажеті. Ал эпидемиологиялық тұрғыда вирустың таралу көрсеткішін азайту маңызды. Сарапшылардың айтуынша, Францияда коронавирус жұқтырған бір адам орташа есеппен оны 3 адамға таратады. Ал эпидемияны тоқтату үшін бұл көрсеткіш 1-ге тең болуы тиіс. Яғни, адам әлеуметтік байланысын 4 есе азайтуы тиіс. Сол кезде ғана бұл шаралар тиімді болады», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, Қытай осылайша миллиондаған адамды күштеп карантинге жатқызып, жақсы нәтижеге қол жеткізген.

«Әр адам барынша қоғамнан оқшауланғаны жөн. Достармен, отбасымен жиналу, қыдыруды азайту, кездесулерден бас тарта тұру эпидемияны болдырмауға әсер етеді. Бұл барлығына қатысты», - деп жазады автор. Оның айтуынша, вирустың көбею жылдамдығын бәсеңдету үшін Қытайға екі апта қажет болған.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай