Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлем чемпионатында сынға түсетін Қазақстан құрамасы хоккейшілері анықталды

2022 жылдың 13 мамыр 2022 04:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайтын ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрама бапкері Юрий Михайлис дүбірлі додада сынға түсетін хоккейшілер құрамын жариялады. Олардың қатарында алған жарақатына байланысты Евгений Рымарев және Иван Степаненко аталған турнирден тыс қалып отыр.

Тізімге іліккен хоккейшілер құрамы төмендегіше:

Қақпашылар: Андрей Шутов («Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Ресей), Илья Румянцев («Арлан»);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы - «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист», Ресей), Даррен Диц (ЦСКА, Ресей), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Виктор Сведберг («Авангард», Ресей);

Шабуылшылар: Павел Акользин («Металлург», Ресей), Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Кертис Волк («Автомобилист», Ресей), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі - «Сарыарқа»), Кирилл Панюков («Ак Барс», Ресей), Роман Старченко (НСА), Дмитрий Шевченко («Авангард», Ресей).

Айта кетсек, Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.

Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі .Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Қазақстандық хоккейшілердің бүкіл ойынын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Хоккей, Әлем,
Жоғары қарай