Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цойдың ДДСҰ комитетіндегі төрағалығы Қазақстанға қандай нәтиже береді

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетіндегі төрағалығы қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясының төрағасы болып сайланды.

«Алексей Цойдың төраға болып сайлануына тоқталсақ, ол жоғары мәртебе болып саналады. Дауыс беру тәртібі құпия өтті. Бұл өз кезегінде министрдің Еуропа мен Азия өңіріндегі әріптестері арасында айтарлықтай жоғары беделге ие екенін білдіреді... Қазақстан емдеудің жаңа әдістерінің көзі болуы мүмкін, сондай-ақ медицина саласында инновациялық шешімдердің алдына шығуы ықтимал», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол елімізде халықаралық деңгейдегі түрлі кеңестер мен кездесулер өтетінін атап өтті.


Жоғары қарай