Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой QazVac салдырғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты

2021 жылдың 16 маусым 2021 13:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда QazVac вакцинасы – бұл Қазақстан үшін үлкен прогресс. Жеке өзім осы вакцинаны алдым және өзімді өте жақсы сезінемін. Азаматтарымызға да вакцинация алуға кеңес беремін», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, сәуір және мамыр айларында еліміздің барлық өңірлеріне QazVac вакцинасының жалпы 100 мың дозасы жетізілген болатын.

Бүгінде QazVac вакцинасының бірінші дозасымен шамамен 41 мың адам, екінші дозасымен 22 мың адам екпе алды.
Жоғары қарай