Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой: Пандемия әсіресе теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге ауыр тиіп жатыр

2021 жылдың 17 сәуір 2021 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) жоғары деңгейдегі «Баршаға арналған вакциналар» вакцинациясы проблемасына арналған кездесуіне қатысты.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау минстрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

ЭКОСОС Халықаралық экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талқылау және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық проблемаларды шешу жолдарын қоса алғанда, мүше мемлекеттер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіне арналған ұсынымдарды әзірлеу үшін тиімді алаң ретінде танымал.

Әлемде вакциналардың біркелкі бөлінбеу жағдайын талқылау аясында Алексей Цой көтерілген мәселенің өзектілігін атап өтіп мәлімдеме жасады.

«Әлем COVID-19-бен күресуде. Пандемияның ауыртпалығы барлық елдерге, әсіресе ерекше жағдайдағы, соның ішінде теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге теріс әсер етеді. Сонымен бірге, COVID -19 вакциналарына қол жетімділіктің теңсіздігі кедей және бай елдер арасындағы алшақтықты одан әрі тереңдетеді. Біз бас хатшы Антониу Гутерриш пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлескен жұмысы үшін «GAVI» (вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянс) және «CEPI» (вакциналарды әзірлеу жөніндегі халықаралық альянс) COVAX бастамасының ортақ мақсаттарына жету жөніндегі күш - жігерін жоғары бағалаймыз», - деді ол.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, ірі экономикаларды, халықаралық қаржы мекемелерін және басқа да мүдделі тараптарды әлемнің осы мәселедегі ең осал елдерінің вакциналарына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін елеулі қадамдар жасауға шақырды.

Алексей Цой өз халқын вакциналармен қамтамасыз еткен елдерге енді ең осал елдерге көмектесуге шақырды. Сондай-ақ, ол COVAX делдалдарын ерекше жағдайға тап болған елдер үшін дозалардың пайыздық мөлшерін арттыруды қарастыруға шақырды. Бұған COVAX қорының үздіксіз және болжамды жұмысына кепілдік беретін ірі экономикалар клубының өсуі мен белсенді қаржыландыруы арқылы қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар, Алексей Цой Вакциналар мен дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, арзан медициналық өнімдерге уақтылы қол жеткізуді немесе негізгі медициналық өнімдерді зерттеу, әзірлеу, өндіру және жеткізу ауқымын кеңейтуді қоса алғанда ДСҰ мүшелерін COVID-19-бен күрес қимылдарын талапқа сай атқару үшін TRIPS-тің тиісті міндеттемелерінен уақытша бас тартуға шақыру туралы атап өтті.


Жоғары қарай