Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой өз еркімен отставкаға кете ме – Министр жауабы

2021 жылдың 23 шілде 2021 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз еркімен отставкаға кету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі соңғы кездері жиі сынға ұшырап жүр. Сіздің де министр ретінде жауапкершілік арқалайтыныңыз анық. Мұндай жағдайлар қайталана берсе, өз еркіңізбен отставкаға кетуге дайынсыз ба?», - деген сұрақ қойылды министрге Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өз кезегінде А. Цой Денсаулық сақтау министрлігі алдында көптеген мәселелер тұрғанын айтты.

«Өкінішке қарай, пандемия жаппай барлығына ықпал етіп жатыр. Министрліктің де бар күші коронавирус инфекциясымен күреске бағытталған. Бүкіл қызметкерлеріміз іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істеуде. Егер еліміздің басшылығы басқа мамандарды тартуды дұрыс деп ұйғарса, біз әрдайым дайынбыз. Қазір біз тікелей жұмысымызға кірісіп кеттік, басқасына уақыт жоқ. Біз азаматтарымызды құтқарумен айналысып жатырмыз», - деп жауап берді Алексей Цой.


Жоғары қарай