Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой: Маңғыстаудағы эпидахуал дабыл қағатындай деңгейге жетті

2021 жылдың 21 шілде 2021 12:22

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ақтауда коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. Отырыс барысында аймақтағы медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланып, проблемаларды жою бойынша ұсыныстар берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы соңғы айда, өзге аймақтармен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар мен инфекциялық төсек орындарының толу сыйымдылығы жағынан алға шыққан.

«Бүгінде Маңғыстау өңіріндегі кейбір аудандарындағы төсек орын қорына үлкен салмақ түсіп тұрғандығы байқалады. Ақтау қаласындағы инфекциялық төсек орын 64,2%, реанимациялық 69% құрайды, Жаңаөзен қаласындағы инфекциялық төсек орын 80%, реанимациялық 43,7% құрады және тенденция әлі де өсетіндігін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек Ақтау қаласында облыстық перинаталдық орталық деңгейінде реанимациялық төсек орындарының тапшылығы сезіледі деген болжам бар. Қазіргі уақытта 10 реанимациялық төсек орындарының 90% толық және модульдік инфекциялық стационардың 55 төсек орынының 69% толық», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.




Ақтау қаласындағы екі емханаға және үш инфекциялық стационарға мониторинг жүргізілген. 67 амбулаториялық карта және 31 ауыр хәлде жатқан 31 медициналық картаға талдау жасалған. Нәтижесінде емханаларда мобильдік бригадалардың жетіспеушілігі байқалып отыр, коронавирустық хаттамалардың клиникалық сақталмауы, амбулаториялық деңгейде иммуномодульдік негізсіз тағайындау орын алған, вирусқа қарсы және антибактериалды препараттар, коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың жағдайын динамикалық бақылау кезінде ұйымдастыру жұмыстарында бірқатар кемшіліктер болды.

«Маңғыстау өңіріндегі қазіргі ахуал дабыл қағатындай деңгейге жетті. Себебі алдағы уақытта орындардың тез толып қалуынан төсекорын қорының жетіспеушілігі байқалады. Тұрғындарға стационарлық көмектің қолжетімділігі төмендеп кетуі де ықтимал», - деді Алексей Цой жиында.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдарға аталған проблемаларды шұғыл арада шешу жөнінде тапсырма берілді.














Жоғары қарай