Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Александр Недовесов Франциядағы жарыстың жартылай финалына шықты

2022 жылдың 19 мамыр 2022 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле - Йоран Влигенмен шеберлік байқасты.

Бір жарым сағатқа созылған матчта 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Куреши мен Недовесов бәсеке барысында 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

Биылғы сәуір айында Мароккодағы осындай додада аталмыш жұптар кездесіп, онда да Айсам мен Александр басым түскен еді - 6:3, 6:4.

Ертең Недовесов пен Куреши финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Равен Клаасен - америкалық Натаниель Лэммонс немесе аргентиналық Максимо Гонсалес - бразилиялық Марсело Мело жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың төрт айдан кейін тенниске оралғаны туралы жазылды.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Теннис,
Жоғары қарай