Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Александр Бублик әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына кірді

2021 жылдың 10 мамыр 2021 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) дүйсенбі күні жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз спорттық жолында алғаш рет үздік 40 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші 44-тен 40-орынға көтерілді. Оның бұған дейінгі үздік көрсеткіші 42-саты болатын.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 105-тен 103-ке жоғарыласа, Дмитрий Попко 180-нен бірден 193-сатыға сырғып кетті.

Әлемдік рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастаса, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Рафаэль Надальды үшінші орынға ығыстырды.

А.Бублик Рим мастерс турнирінде табысты ойнаса, өз көрсеткішін жақсарта алады. Ол бүгін алғашқы айналымда хорватиялық Марин Чиличпен ойнайды.

Әйелдер арасындағы осы жарыста Юлия Путинцева америкалық Кори Гауффпен, Ярослава Шведова италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.





Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай