Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 12 тамыз 2020 11:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 13-15 тамыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы үш күнде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ығысып, құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады. Еліміздің тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - деді «Қазгидрометтен».


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай