Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 11:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер еліміздегі 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз, ал батысында жауын-шашын болады.

«Жақын арада Қара теңіз аудандарынан келетін батыс антициклоны, Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Циклон еліміздің солтүстігіне аяз алып келеді, жауын-шашын тыйылады. Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан циклон келе жатыр.Онда жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстары күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік өңірлердегі термометр бағаны түсіп, температура түнде 10-25 аяз, батыста 5-15 градус суық, оңтүстікте 0-15 градусқа шейін төмендейді», делінген болжамда.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай