Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 14:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 23-25 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аптаның ортасынан бастап Қазақстанның солтүстігі мен шығысына атлантикалық циклон әсер етуін жалғастырады.

Соның әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Өңірде күзгі салқын ауа райы сақталады.

Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінде ауа райы Батыс антициклонының ықпалында болады.

Салдарынан жауын-шашын біртіндеп басылады. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді.

Тек еліміздің батысында ғана құрғақ және жылы ауа райы сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай