Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді - Қазгидромет

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 21-23 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальді жүйелермен батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, елдің солтүстігі мен шығысында екпінді желмен аздаған жауын-шашын болады. Ауа температурасы елдің батысында түнде 3-17, күндіз 12-28 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-7 жылы, кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.

Ал орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5 жылы, 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 градус жылы болады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай