Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде 44 градусқа дейін ыстық болады

2021 жылдың 21 шілде 2021 12:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа райының құбылмалы сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста-найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жауын-шашыннан басқа ауа температурасының күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа көтеріледі. Елдің оңтүстік-шығысында 33-42 градус ыстық болады. Тек еліміздің батысында ғана 33-41 градус ыстықтан 25-33 градусқа төмендеуі байқалады», - делінген хабарламада.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай