Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алдағы 2 жылда дәрігерлердің жалақысын өсіруге қанша қаржы бөлінеді

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өңілдері алдағы 2 жылда медицина мамандарының еңбекақысы қалай өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 2021 жылы 222,3 млрд теңге сомасында қаражат көзделген. 2022 жылы – 361,7 млрд теңге; 2023 жылы – 557,4 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 2021 жылы – 156,8 млрд теңге, 2022 жылы – 255,1 млрд теңге; 2023 жылы – 393,1 млрд теңге, МӘМС есебінен 2021 жылы – 65,5 млрд теңге, 2022 жылы - 106,6 млрд теңге, 2023 жылы – 164,4 млрд теңге қарастырылып отыр», - деп жазылған мнистрліктің ҚазАқпарат сауалына берген ресми жауабында.

Ведомствоның баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, 2021-2025 жылдар аралығында халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жалпы сомасы 869,13 млрд теңге қарастырылған. Бұл «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыруға жоспарланған қаражаттың 24%-ы деген сөз.

Оның ішінде 2021 жылға – 168,01 млрд теңге (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында – 143,74 млрд теңге, Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясныда – 24,27 млрд теңге), 2022 жылы – 170,90 млрд теңге (ТМККК – 116,77 млрд теңге, МӘМС – 54,46 млрд теңге), 2023 жылы – 176,74 млрд теңге (ТМККК – 122,27 млрд теңге, МӘМС - 54,46 млрд теңге), 2024 жылы – 176,74 млрд теңге (ТМККК – 122,27 млрд теңге, МӘМС - 54,46 млрд теңге, 2025 жылы – 176,74 млрд теңге (ТМККК-122,27 млрд теңге, МӘМС-54,46 млрд теңге).


Жоғары қарай