Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алаяқтың арбауына ілінген әйел 4 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды - Өскемен

2021 жылдың 5 тамыз 2021 16:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында үй сатып аламын деп алаяқтың құрбанына айналған әйел адам ірі көлемдегі ақшасынан айырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі полиция бөліміне 52 жастағы азаматша жүгінген. Өз сөзінде ол үй сататындығын айтқан алаяққа 4 289 000 теңге бергендігін жеткізді.

«Әйел адам пәтер сатылатындығы туралы жарнаманы көріп, сонда жазылған нөмірге қоңырау шалған. Үйді ұнатқан соң, ойына еш секем келмей алғашқы жарна ретінде аталған соманы бере салды. Ақшаны қолға түсірген алаяқ оған құжаттарды ресімдеу үшін бірнеше ай күте тұру керектігін жеткізді», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 31 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жоғары қарай