Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алаяқ әйел алматылықтарға жалақысы жоғары жұмыс уәде еткен

2020 жылдың 13 тамыз 2020 22:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының полицейлері Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындардан алаяқтық жолмен ақша алған әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1985 жылы туған 35 жастағы C. есімді әйел бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Шілде айының ортасында ол Абай даңғылымен Саин көшесінің қиылысында тұрып, сенгіш тұрғындарға жақындап, «жұмыс қажет па?» деп сұрақтарын қойған. Әйел карантинді, кейбір адамдардың қазір жұмыстан босатылғанын және уақытша жұмыс іздеуі мүмкін деген факторларды пайдаланған. Ол жақсы психолог. Зардап шеккендерді әңгімеге жылдам тартып, жоғары жалақы төленетін мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызуға көмек көрсете алатынын айтқан. Қызметтері үшін олардан сыйақы алған. Бірақ кейіннен ақша да, жұмыс та жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімге екі адам осы жағдай бойынша жүгінді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Сонымен қатар, полиция күдікті қаланың басқа да аудандарында заңға қайшы әрекеттер жасауы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Зардап шеккендер болса: 8-701-852-60-94, 8-707-515-47-35 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.


Жоғары қарай