Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алакөлдегі электр желісіндегі апат: Екінші жұмысшы көз жұмды

2020 жылдың 24 қараша 2020 20:32

АЛАКӨЛ. ҚазАқпарат –Алматы облысының Алакөл ауданында электр желілерін жөндеп жатқан екінші жұмысшы мерт болды. Оқиғаны Алакөл ауданының әкімдігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай Қабанбай ауылының маңында болған. Электр бағаналарын орнатып, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Қабанбай ауылының 48 және 39 жастағы тұрғындары мерт болған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмған. Қазір Алакөл аудандық полиция бөлімінде аталған факті бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Іс ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі яғни, еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алакөл ауданында электр желісін жөндеп жатқан жұмысшының қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.



Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Жоғары қарай