Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алакөлде демалуға барғандар төбелесті

2021 жылдың 16 тамыз 2021 17:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл жағалауында демалушылар жаппай төбелесті. Жанжал Ақши ауылындағы дәмхананың бірінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тамыздың 15-нен 16 қараған түні Алакөлде демалушылар көп келетін «Аура бар» деп аталатын жерде болған.

«Қазір аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы яғни, бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалды шығарғандарды анықтау, іздеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, топтасып төбелесу фактісі бойынша куәгерлер не болмаса зардап шеккендер әзірге полицияға хабарласпады», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратына сәйкес, дәмхана әкімшілігі бұзақыларға қатысты арыз жазған. Тергеу жүріп жатыр.



Жоғары қарай