Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алакөл жағалауына концерт алаңы салынады

2020 жылдың 3 маусым 2020 14:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукованың айтуынша, бірінші жоба аясында төрт жұлдызды қонақүй бой көтермек. Қазіргі уақытта оның құрылыс жұмыстары басталып та кеткен. Туристік объектіде демалушыларға қажетті барлық жағдай жасалады. Сондай-ақ онда бассейн мен барларға арналған ойын алаңы салынады.

«Екінші жоба – ашық аспан астындағы сахна және би алаңы. Осылайша жағалауда 3,5 мың адамды қамтитын концерт алаңы болады. Ол Юрмала қаласының үлгісімен салынбақ. Мұнда ауқымды шаралар өткізіледі деп жоспарлап отырмыз», - дейді Инара Бодукова.

Айта кетейік, аталмыш жобалар аясында инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.


Жоғары қарай