Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алакөл мен Балқаш  жағалауындағы демалыс орындары туристерді қабылдайды - әкімдік

2020 жылдың 6 шілде 2020 19:12

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл мен Балқаш жағалауындағы жағажайлар мен демалыс орындары санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алакөл көлінде карантин мерзімінде де суға шомылу маусымы жалғаса береді. Дегенмен демалыс орындары барлық қажетті санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтуі керек.

«Алакөлдің Алматы облысындағы жағалауына келген туристерден коронавирусқа байланысты арнайы анықтама талап етілмейді. Бірақ демалыс орындарына 2 метрлік ара қашықтықты сақтау сынды бірнеше талап қойылған. Бұл талаптар туристерге түсіндіріледі. Ең бастысы аталған демалыс аймағы өз жұмысын жалғастыра береді»,- деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Қазір Алакөл жағалауында 250 пансионат, қонақ үйлер, демалыс базасы мен аймақтары, сауықтыру лагерлері мен қонақ үйлер жұмыс істейді. Тәуліктік сыйымдылығы 23,5 мың адамнан асады. Бұл Алматы облысының туристік объектілерінің жалпы санының 30%.

Тағы үш жаңа демалыс орталығы ашылып, туристік инфрақұрылымның 15 нысанын пайдалануға беру жоспарланған.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Туризм,
Жоғары қарай