Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 16:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Непалдан келген альпинистер әлемдегі екінші ең биік шың саналатын Чогори (К2) шыңына қыста көтерілген алғашқы топ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Чогори (К2) - Эвересттен (Джомолунгма) кейінгі екінші ең биік тау шыңы. Ол Гималайдан солтүстік-батысқа қарай Қарақорым тау жүйесінде Пәкістан мен Қытай шекарасында орналасқан. К2 Эвересттен 239 метр төмен, бірақ оған өрмелеу бірнеше есе қиын. 10 адамнан тұратын непалдық топ жергілікті уақыт бойынша 16:58-де тарихи сәтті бірге бастан кешірмес бұрын шыңнан 70 метр қашықтықта аялдама жасады.

Осылайша альпинистер алғаш рет қыста ешкім бағындыра алмаған 8 мың метрден астам биіктіктегі шыңға шықты.





Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай