Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ақын» атты фильмге кастинг жарияланды

2019 жылдың 4 желтоқсан 2019 22:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ақын» атты (жұмыс бойынша атауы) толықметражды көркем фильмді түсірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев.

«Герман Тесстің «Шығармашылық кеш» атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді», - делінген хабарламада.

Киножобаға картинаның ұйымдастыру қызметі келесі талаптар бойынша кастинг жариялады:

- 35-55 жас аралығындағы ер адамдар;

- 25-35 жас аралығындағы әйел адамдар;

- 70-75 жас аралығындағы қариялар;

- 65-70 жас аралығындағы әйелдер;

- 9-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыздар.

Кастинг әр дүйсенбі күні «Қазақфильм» киностудиясындағы «ПЛК» ғимаратында (2 қабат, 236 каб.) «Қадам» студиясында өтеді. Желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

Аян Бекенұлы

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай