Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтоты Райымқұлова: Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық

2021 жылдың 14 мамыр 2021 12:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары ел намысын спорттың 30 түрінен қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі кезінде бүгінге дейін неше лицензия жеңіп алынғанын айтты.

«Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық құрама командалардың спортшыларын Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Бүгінгі таңда спорттың 22 түрінен 53 лицензия жеңіп алдық», - деді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ерекше қажеттіліктері бар спортшылар да назардан тыс қалмағанын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық спорт кешендерінде ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін спортпен айналысу үшін жағдай жасалады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін елімізде 15 спорт клубы, елордада Параолимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді», - деді Ақтоқты Райымқұлова.


Жоғары қарай