Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

2020 жылдың 15 сәуір 2020 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сіздерді халықаралық мәдениет күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет пен өнер қайраткерлері әрдайым мемлекеттің қолдауымен биік белестерді бағындырып, еліміздің атын алыс-жақын шет мемлекеттерде айшықтап келеді. Сондықтан да қоғамның шығармашылық адамдарына деген құрметі айрықша. Еліміздің рухани, мәдени өмірінде жаңа бетбұрыстар жасап, жарқын істердің ұйытқысы болып жүрген баршаңызға мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау болып, шығармашылықта табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін! Ел руханияты мен мәдениетін көркейтуге қосқан үлестеріңіз қашанда халықтың көз алдында жүретін Сіздерге осынау ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамын. Мәңгілік Ел мәдениетінің одан әрі дамуына, өнеріміздің биіктерден көріне беруіне қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!», - делінген Ақтоты Райымқұлованың құттықтауында.


Жоғары қарай