Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбенің бас санитарлық дәрігері кәсіпкерлерге ескерту жасады

2020 жылдың 30 қазан 2020 16:12

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева той, ас беруді тоқтатпаған мейрамхана иелеріне ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше Ақтөбеде 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауырып, дәрігер көмегіне жүгінгендердің екеуі Қарғалы ауданының, төртеуі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Сонымен бірге Хромтау ауданының 5 тұрғынынан COVID-19-дың симптомсыз түрі анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлер бақылауына алынды.

Айта кетейік, өңірде барлығы 3 305 жағдай тіркелсе, оның 97 пайыздан астамы жазылды. Қазіргі 109 адам үй карантинінде жатыр.

«Карантин шектеуін күшейту эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешіледі. Қазіргі кезде жексенбі күндері ірі сауда орындары, базарлар жұмыс істемейді. Сонымен бірге көбінің жұмыс уақыты қысқарды. Қоғамдық тамақтану орындарына ескерту жасағым келеді. Қазіргі кезде мониторинг тобының хаттамасы көбейді. Әлі де той, марқұмның жылын берду өткізіп жатқандары бар. Адамдардың денсаулығын қатерге тігуге болмайды. Бұл жалғаса берсе, карантин шарасы күшейтіледі», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Ақтөбеде коронавирус инфекциясына шалдыққан 21 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. Біреуі жансақтау бөлімінде. Пневмонияға шалдыққан 32 науқас та үнемі дәрігерлер бақылауында. Облыста 315 орын дайын тұр. Оның тек 16 пайызында науқастар емделіп жатыр.


Жоғары қарай