Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Ақтөбенің әкімі қаланы мүгедектер арбасымен аралап шықты

2020 жылдың 27 мамыр 2020 22:26

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, қаланы қоларбамен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында жол жөндеу, жүргіншілер жолын салу қарқын алды. Бұл жобалардың басым бөлігінде қоларбамен қозғалатын адамдардың сұранысы ескерусіз қалған. Олқылықты «Пандус ОК» ЖШС басшысы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Шахан Жолдасбаев қала әкіміне айтты.





«Өзім қоларбамен жүремін. Жиналыстарда әкімге ескерту беріп, айтқан едім. Ол өзі көріп, қарап, сынақтан өткізуге уәде берді. Мен бар өмірімді мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысын жеңілдетуге арнадым. Еуропа елдері секілді кедергісіз жүріп, кез келген әлеуметтік нысанға кіруді қалаймыз. Әрқайсысының өз талабы, ережесі бар. Сол ескерілсе, адамдармен араласу біздерге жеңілдейді», - деді Ш.Жолдасбаев.





Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 12 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 2 мыңнан астамы балады. Биыл қаладағы «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 39 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Барлығы 12 көлік тасымалдаумен айналысады.

«Қаладағы әлеуметтік нысандардың да талапқа сай болмағаны анықталды. Тіпті мемлекеттік мекемелерде де мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімсіз екен. Өзім арбаға отырып, біраз жерді араладым. Әр кедергіні анық көріп, сезініп, қиналып отырмын. Барлық көпқабатты үйге пандус салып, жиектастардың кедергілерін жою қажет екен. Алдағы уақытта карта жасалады. Арнайы мониторинг топ шешім шығарады. Адами іске көп ақша да қажет емес. Бұл біздің қателігіміз», - деді қала әкімі Асхат Шахаров. Алдымен ескерту беріліп, кейін айыппұл салынады.









Жоғары қарай