Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеліктер аз қамтылған 15 отбасына азық-түлік жеткізді

2020 жылдың 31 наурыз 2020 22:29

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу - сауапты іс. Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жаңынан құрылған ақпараттық – ағартушылық штаб және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл игі іске штаб құрамындағы мейірімді жандар ұйытқы болып, 15 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті.




«Сын сағатта, төтенше жағдай режимінде біздің штаб бейжай қарап отыра алмады. Қиын жағдайда қалған отбасыларға көмектесуді жөн көрдік. Бәріміз «Biz Birgemiz» ұранына үн қосамыз. Отандастарымызды назардан тыс қалдырмаймыз. Бас қосып, бір-бірімізді демеу - ізгілік пен парасаттылық қана емес, жанашырлық деп білеміз», - деді ақпараттық – ағартушылық штабтың жетекшісі Ж.Мұхамбетпайызова.




Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні ел халқына үндеу жолдады. Мемлекет басшысы өз үндеуінде бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға шақырып, қиындықты отандастарымызбен бірге еңсеретінімізге сенім білдірген болатын.














Жоғары қарай