Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Ақтөбелік полицейлер көлікті айдап әкетпек болған қылмыстық топты ұстады

2020 жылдың 3 маусым 2020 16:43

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 312 Атқыштар дивизиясы көшесінде ресейлік есептегі «ВАЗ-21115» маркалы автокөлігін айдап әкету әрекеті кезінде үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер автокөліктердің есіктерін ашып, сымдарды тұйықтап, көлікті айдап кеткен. Полицейлер аталған көлікті ізге түсу арқылы тоқтатқан. Сонымен қатар, күдіктілердің Ақтөбе қаласының аумағында орын алған бірқатар пәтер ұрлығына да тікелей қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі таңда, айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Ұсталғандардың осыған сәйкес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.






Жоғары қарай