Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбелік омарташы жеміс бағын отырғызуды жоспарлап отыр

2020 жылдың 15 тамыз 2020 11:48

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі «Медовик» шаруа қожалығы 3,5 тонна бал жинады. Өнім шетелге де жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медовик» шаруа қожалығы жұмысын 2016 жылы бастады. Негізгі бағыты - ара шаруашылығы. Ара өсіріп, бал шығарумен айналысатын шаруашылықтың иелігінде 340 гектар жер бар.

«2017 жылы ақтөбелік омарташылар қоғамы құрылып, «Ақтөбе омарташылары» ауыл шаруашылығы кооперативі басымызды біріктірді. Кооператив мүшелерінің саны - 36 адам. Тағы 6 адам арнайы білім алды. Олар келер жылы кооператив қатарына қосылады», - деді «Медовик» шаруа қожалығының басшысы Алесандр Сенатцкий. Бұл шаруашылықта 800 ара ұясы бар. Биыл шамамен 8 тонна бал жиналды. Өнімнің бір бөлігі Германия, Қытай, Араб елдеріне жіберілген.

Айта кетейік, шаруашылық өз ауқымын кеңейтеді. Келер жылы бір жылдық жоңышқа егуді жоспарлады. Ол өз кезегінде топырақты азотпен байытады.




«2021 жылы Петропавл ауылында жаңа кәсіп бастаймыз. 40 сотық жерге

шие, қарақат, қара өрік, алма ағашын егіп, болашақта табиғи шырын дайындағымыз келеді. Өз өнімдермізді аудан және облыс орталықтарына сатамыз. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің көмегі зор», - деді Алесандр Сенатцкий.


Жоғары қарай