Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбелік келіншек аяқ киімге телефон жасырып, түрмеге өткізбек болды

2021 жылдың 16 маусым 2021 06:30

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Түрмедегі күйеуіне аяқ киім апарып, табанына телефон жасырған ақтөбелік әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті және Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Асыра лақтыру» жедел-алдын алу шарасын өткізді.

Нәтижесінде, КА-168/2 мекемесінің негізгі қоршауы арқылы мекемеге тыйым салынған заттары бар үш түйіншекті лақтыруға тырысқан 26 жастағы ақтөбелік ұсталды. Тексеру кезінде азаматтан үш зат анықталды. Оның екеуі ұялы телефон және біреуі ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктектес зат. Азаматтың жеке тұлғасын анықтау барысында, оның бұрын сотталғаны анықталды.








Сонымен бірге КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері 33 жастағы әйел әкелген заттарды тексеріп, аяқ киім табанына мұқият жасырылған 2 шағын ұялы телефон және USB шнурын тәркіленді.
«Екі жағдай мекеменің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Бірінші дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екінші дерек бойынша күйеуі үшін заң бұзған әйел әкімшілік жауапқа тартылады», - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.
Айта кетейік, жыл басынан бері есірткі заттарын жасырын түрде өткізбек болған 8 жағдай анықталды.

Ал «Асыра лақтыру» шарасы кезінде 20 ұялы телефон, 20 sim карта, 9 құлаққап, 6 қуаттағыш, 1 флеш-карта, 2 ұялы телефон батареясы тәркіленді.









Жоғары қарай