Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбелік кәсіпкерлер карантин шектеуін жеңілдетуді сұрады

2021 жылдың 22 сәуір 2021 01:22

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік кәсіпкерлер жексенбі күні жұмыс істеуге рұқсат сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары кәсіпкерлер сұрағына жауап берді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова бизнес иелерінің өтінішін жеткізді.

«Кәсіпкерлердің ұсынысы бар. Жексенбі күні шаштараз, сұлулық салоны мен косметикалық орталықтардың сағат 17:00-ге дейін жұмыс істегенін қалайды. Сонымен бірге базар, сауда орталықтары мен ойын-сауық кешендері, қоғамдық тамақтану орындары мен монша жұмысына рұқсат беруді сұрайды. Тек жұмыс кестесіне шектеу енгізсе болғаны», - деді Сұлупан Шынтасова.

Кәсіпкерлердің бұл ұсынысын тыңдаған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева адам көп жиналатын орталықтардың демалыс күндері жабық болғаны дұрыс деген талаптың ел бойынша ортақ ереже екенін еске салды.

«Сенбі, жексенбі күндері базарлар, орталықтар жабық болса, аудан тұрғындары орталыққа ағылып келмейді. Яғни, қозғалыс болмайды. Ал бәрі ашық тұрса, олар базар аралап, ауылға вирус жұқтырып барады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Айта кетейік, наурыз айына қарағанда сәуір айында вирус жұқтырғандар саны өңірде екі есе артты. Қазіргі кезде 2 мыңнан астам адам дәрігер көмегіне жүгінген.


Жоғары қарай