Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбелік дәрігерлер пандемия кезінде көз жұмған әріптестерін еске алды

2021 жылдың 18 маусым 2021 17:35

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде медцина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кезінде COVID-19-дан көз жұмған дәрігерлерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Шараға медицина қызметкерлері, ардагерлері қатысты. Жиын кезінде COVID-19-дан қайтыс болған 23 медицина қызметкерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде ақтөбелік дәрігерлердің шеберлігі мен жоғары кәсібилігін, пандемия жағдайындағы жанкешті әрі орасан зор еңбегін ерекше атап өтті.

«Пандемия қоғамға денсаулық сақтау саласының орасан зор маңыздылығын көрсетті. ​ Жерлестеріміздің денсаулығы мен өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін менің шын жүректен шыққан алғысымды қабыл алыңыз. Сіздерге және жақындарыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және зор денсаулық тілеймін»,- деді облыс әкімі.




Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде тек Ақтөбе облысында 130-дан астам жаңа медициналық мекемер салынса, оның 9-ы аурухана, 5-і емхана, 57-сі дәрігерлік амбулатория.

Жиын кезінде 40 медицина қызметкері Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгімен, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ал екі дәрігерге «Еңбек ардагері» алқасы берілді. Байқауда үздік шыққан медицина ұйымдары да марапатталды.

Қарғалы қалалық ауруханасына 1 млн, жедел медициналық жәрдем ауруханасына 500 мың, Ойыл аудандық аурухансына 300 мың теңгенің серитификаты табыс етілді.

Бұдан өзге, тоғыз медицина қызметкері 100 мың теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.












Жоғары қарай