Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Ақтөбедегі жоғары оқу орнында «Абайтану» курсы енгізілді

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 23:30

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік студенттер мамандықтарына қарамастан «Абайтану» курсына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абайдың 175 жылдығына арналған шара С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Студенттер өлеңдерін, қара сөздерін жаттады.

«Абай мұраларын, болмысын таныту мақсатында дәріс циклі дайындалды. ХІХ ғасырда айтылған ойдың ХХІ ғасырдағы көрінісі, сабақтастығы студенттерге жеткізіледі. Сонымен қатар «Абайтану» курсы барлық факультетте өтеді. Әр қазақ мамандығына қарамастан Абайды білуі қажет. Ұлттық патриотизмді дамыту парызымыз әрі Абай орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», - деді С.Бәйішев университеті «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Мұхтар Миров.

Ғалымдар «Абайтану» пәнінен сабақ беретін оқытушылар студенттер үшін Абайды түсіну, ұғу өзін тануға көмектеседі деген ойда.

«Абайдың уақыты ХІХ ғасырдың екінші жартысы. Ол халықтың кемшіліктерін сынап, елін алға сүйреген адам. Сол заманда да халыққа Абай керек болды. Қазіргі уақытта Абай аса қажет. Ұлы ақын «мал іздеме, білім ізде, ғылым ізде» дейді. Қазір оқиды, білімі бар, бірақ ойы неге таяз? Білім тек диплом, қағазбен өлшенбейді. Адамгершілік, қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтау жөнінен көп кемшілік бар. Осы тұста Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың мақаласы іздегенге сұраған болды деп ойлаймын. Өзім «Абайтану» пәнінен сабақ беремін. Абайдың 175, Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығы аясына студенттер үлкен шараларға қатысып жатыр. Құдайберген Жұбановтың «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» деген аяқталмаған туындысы бар. Мұны да студенттерге жан-жақты жеткіземіз», - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Баян Бораш.


Жоғары қарай