Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбедегі этномәдени бірлестік өкілдері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 05:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Алғыс айту күні Ақтөбедегі этномәдени бірлестік өкілдері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде өткен «Қазақ еліне мың тағзым!» атты салтанатты шараға қатысты. Ақтөбеліктерді құттықтаған өңір басшысы Алғыс айту күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық және құрмет нышанына айналғанын атап өтті.




«Қиын-қыстау кезеңдерде халқымыздың қонақжайлылық, адамгершілік және жанашырлық сынды ең асыл қасиеттері есімізде. Ата-бабамыздың мейірімділігі жоғалған жоқ. Біздің облыста барлық этникалық топтың өкілдері әр ұлттың тілін, мәдениеті мен дәстүрін құрметтей отырып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктер жұмыс жасайтын Қазақстан халқы ассамблеясының маңызы зор. Жерлестеріміздің жалғыз алғыс айтумен шектеліп қалмайтынына сенімдімін. Өйткені Отанның игілігі жолындағы күнделікті жемісті еңбек - ризашылықтың ең жақсы көрсеткіші. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Игі істер марафоны» атты жалпыұлттық акция бастау алған болатын. Ақтөбеліктер мемлекет басшысының бастамасын қолдап, осы маңызды жұмысқа кірісіп кетті. Біздің өңірде этникалық топтардың арасында меценаттар мен әлеуметтік жағынан жауапты кәсіпкерлер көп. Олар үндеуді қабылдап, қайырымдылық марафонына белсенді қатысады деп сенемін.

Біз осындай жобаларды бірлесе жүзеге асыра отыра тағы да өзіміздің ынтымағымыз бен бірлігімізді көрсетеміз»,- деді өңір басшысы. Кейін пандемия кезінде алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлерге, мұғалімдерге, полицейлерге, еріктілерге ришалығын білдірді. Оңдасын Оразалин қоғамдық және жалпыұлттық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан ақтөбеліктерге алғыс хат табыс етті. Олардың қатарында Ақтөбе қаласындағы ​ «Әзербайжан қауымдастығы» РҚБ мүшесі, «Бабек-Құрылыс» ЖШС басшысы Рахиб Азизов, Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы мүшесі Анатолий Симонов, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Сергей Вишняк, «Қайырымды жандар» еріктілер тобының мүшесі Жеңіс Нұржігіт бар.




Бұдан өзге, этномәдени бірлестіктердің атынан «Қоғамдық келісім» КМК қызметкері Съезгүл Қалиеваға 100 мың теңгенің сертификаты, «Динар-Электромаш» ЖШС атынан түрлі ұлт өкілдерінен 18 бала асырап алған Жетесовтер жанұясына 350 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Әзербайжан қауымдастығы» РҚБ жастар қанаты көпбалалы ана Айсұлу Көздібаеваға 2 млн теңгенің сертификатын берді. Бұл қаражат үйді күрделі жөндеуге және жиһаз сатып алуға жұмсалады.








Жоғары қарай