Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбедегі дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшы

2020 жылдың 12 шілде 2020 15:32

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департменті мониторинг жүргізді. Дәріханаларда әлі де қажетті дәрі жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Құралай Қаракен, Глеб Щегельский және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ірі дәріхана желісінің жұмысын тексерді. Бақылау кезінде дәрі тапшылығы анықталды.
«Өңірге дәрі-дәрмек жеткізу мәселесі әлі түбегейлі шешілмеді. Дәріханаларда сұранысы жоғары «Цефтриаксон», «Цеф ІІІ», «Метрид», «Лавомакс», «Парацетамол», «Цефазолин», «Аскорбин қышқылы», «Ледокоина», «Амбро» секілді антибиотиктер жоқ. Дәріхана иелері бұл дәрілерге тапсырыс берілгенін, бірер күнде жеткізілетінін айтты. Дәріханалар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Кезек аз», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мониторинг тобы дәрі-дәрмек бағасын да бақылауға алды.

















Жоғары қарай