Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жол жиегінде тұрған екі жолаушыны көлік қағып кетті

2021 жылдың 23 тамыз 2021 18:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік апатынан 2 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қарабұтақ-Қостанай тасжолында тіркелді. «Mercedes-Benz-1841 Actors» жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған екі адамды қағып кетті. Рульде Алматы облысының 61 жастағы тұрғыны болған.

«Жол жиегінде тұрған «ВАЗ-21100» көлігінің екі жолаушысын көлік қағып кетті. Ақтөбе қаласының 36 және 37 жастағы тұрғындары алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай